Теміртауда төтенше жағдай жарияланды

Теміртау қаласында апат зардабын жоюға қазынадан қажетті қаржы бөлінеді. Қазір мамандар көпқабатты үйдің қираған подъезі жөндеуге келе ма, жоқ па, зерттеп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Егер қайта қалпына келтіруге жарамсыз болса, зардап шеккендерге басқа баспана беріледі. Бұл туралы қала әкімі Қайрат Бегімов мәлімдеді. Қазір тұрғындар уақытша басқа жерлерге орналастырылды. Еске салсақ, бүгін түсте Металлургтер көшесінде орналасқан №5 үйде орталықтандырылған газ құбыры жарылды. Салдарынан үшінші және төртінші қабат арасындағы қабырға қирап, төрт бірдей пәтердің күл-талқаны шыққан. Қалған 16 пәтер де бүлінді. Абырой болғанда, тұрғындар дін аман. 53 адам эвакуацияланды, оның 7-уі бала. Ал жарылыс болған үйдің тұрғыны ауруханаға жеткізілді. Ол басынан жарақат алған, денсаулығы қалыпты. Тағы үш адам жеңіл жарақатпен дәрігердің көмегіне жүгінген. Алғашқы медициналық жәрдем берілген соң қайтарылды. Жарылыстан кейін өрт болған жоқ. Қазір төтенше жағдайлар қызметінің мамандары апаттың себеп-салдарын анықтап жатыр. Жедел штаб құрылды. 

Қайрат Бегімов, Теміртау қаласының әкімі:

Менің өкіміммен бүгін қалада ТЖ жарияланды. Енді барлық материалдық шығындар бюджет есебінен қайта қалыпқа келтіріледі. Қазір 16 пәтер иесі туыстарының үйіне барса, 4-і жалдамалы не қонақ үйлерге барады. Барлығына көмек көрсетеміз.

Сондай-ақ...