Жамбыл облысында есірткі саудагері ұсталды

Жамбыл облысының тәртіп сақшылары героин сатумен айналысқан күдіктіні ұстады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол ұзақ уақыт бойы Тараз қаласының аумағында аса ірі мөлшерде есірткі өткізумен айналысқан. Полицейлер күдіктінің үйін тінту барысында жалпы салмағы 10 грамм болатын героин тапқан. Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындаған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Есірткі сатумен айналысқан жамбылдық 15 жылға дейін сотталуы мүмкін.