Ақтауда екі адамның мәйіті табылды

Ақтауда таңертең 10 жарымның шамасында 14 шағын аудандағы пәтерден ер және әйел адамның мәйіті табылған.

Полиция қылмыскерді ізін суытпай ұстады. Күдікті 28 жастағы ер адам. Қазір Ақтау қаласында абақтыға қамалған. Іс Қылмыстық Кодекстің 99-бабының 2-бөлігі бойынша тіркеліп, тергеу жүріп жатыр.