Ұшақтың қозғалтқышынан құс іздері табылды

Ұшақтың қозғалтқышынан құс іздері табылды
Хабар 24

«Атырау-Алматы» әуе рейсі кейінге қалдырылды. Эйр Астананың мәліметінше, бағытқа тиесілі ұшақтың қозғалтқышынан құстың іздері табылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазіргі таңда әуе кемесінің техникалық жағдайы тексеріліп жатыр. Бұл жұмыс кешке дейін жалғасады. Ал жолаушылар болса, шамамен кешкі сағат онда жолға шыға алады. Рейстің жағдайын әуе компаниясының веб-сайты арқылы бақылауға болады.