БҚО-да жол-көлік оқиғасы тіркелді

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан 2 адам көз жұмды. 7 адам ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға Казталов ауданы аумағында болды. Полицейлердің хабарлауынша «Шамамен сағат 14.20-да Казталов-Жалпақтал-Чапаев жолының 145-шақырымында 1999 жылы туған жүргізуші «Лада Приора» автокөлігімен 1984 жылы туған тұрғын айдап келе жатқан «Лада Вестаға» жол бермей, түйіскен. Салдарынан «Лада Веста» автокөлігінде отырған 1950 жылғы әйел қаза тапты. Ауруханада «Лада Приора» автокөлігінде болған жолаушы, 1974 жылғы ер адам да көз жұмды. Қалған 7 адам дәрігерлердің бақылауында.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КЕЛІ ЕСІРТКІ ТАБЫЛДЫ

Меркіде 6 келіден астам марихуана тәркіленді. Полицейлер жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында құмды алқаптарының бiрiнен 27 жастағы Шымкент қаласының тұрғынын ұстаған. Тiнту кезінде күдіктінiң сөмкесінен 6 келi 520 гр кептiрiлмеген есірткі заты тәркіленді. Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІ САТҚАНДАР ҰСТАЛДЫ

Абай облысында аса ірі көлемде синтетикалық есірткі сатқан студенттер ұсталды. Облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері психотроптық заттарды заңсыз сатты деген күдікпен жергілікті колледждердің 18 жастағы үш студентін ұстады. Күдіктілер Telegram арналары және интернет сайттары арқылы психотроптық заттарға тапсырыс алып қала аумағында таратып келген. Тінту шараларын жүргізу кезінде “сатушылардан” полиэтиленге оралған 34 дана есірткі түйіншігі тәркіленді. Салмағы 13 грамм болатын ақ ұнтақ синтетикалық есірткі болып шықты.

АЛМАТЫДА ДҮКЕН ТОНАҒАН ҚАРАҚШЫ ҰСТАЛДЫ

Алматыда ер адам қарумен қорқытып, дүкен тонаған. Оқиға қаланың Бостандық ауданында түнгі сағат бір шамасында болған. Тәулік бойы жұмыс істейтін азық-түлік дүкеніне белгісіз біреу сатып алушы ретінде кіріп, қару қолданып, ақша талап еткен. Күзетші мен сатушы қарулы тонаушының талабын орындап, түскен ақшаны беріп жіберген. Бірақ күдікті көп ұзамай полицияның арнайы жасағының қолына түсті. Ол даяшы боп жұмыс істейтін Шымкент қаласының 24 жастағы тұрғыны боп шықты. Жұмыс орнынан бұлтартпас айғақ та табылған. Атап айтқанда оттық түрінде жасырылған тапанша, күдіктінің тонау кезінде киген киімі тәркіленді. Алматыға табыс табу үшін келген күдіктінің бұған дейін екі азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасап үлгергендігі мәлім болды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.