Өскеменде құны 65 млн теңгелік есірткі тәркіленді

Өскемендік полицейлер құны 65 млн теңгеге жетеғабыл есірткі тәркіледі. Операция облыстық құқық қорғау өкілдері  мен Ұлттық ұланның арнайы бөлімшелерін тарта отырып өткізілді. Нәтижесінде 1 келіге жуық синтетикалық есірткі тасымалдамақ болған 35 жастағы алматылық азамат ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күдіктіні қолға түсіру барысында онымен бірге автокөлікте жұбайы болған. Біраз уақыттан кейін оның сыбайласы да қолға түсті.  29 жастағы ер адамнан 600 грамм синтетикалық есірткі тәркіленсе, тағы бір Өскеменге Ақтөбеден арнайы келген азаматтан жарты келі көлемінде альфа-PVP психотроптық сұйықтығы бар 5 пластикалық ыдыс анықталды. Нәтижесінде шамамен мөлшері 8 мың бір реттік есірткі дозасы жойылып отыр. Қазіргі уақытта үш күдіктіде қамауға алынып, оларға 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылды.