Ақтауда шомылып жүрген балаларды итбалық тістеп алды

Қаланың 14-шағын ауданы тұсында Каспий теңізінде жүзіп жүрген екі қыз баланы итбалық тістеп алған.

Облыстық балалар ауруханасы мамандарының мәліметінше, дер кезінде аурухананың қабылдау бөліміне қыздарды алып келді. Олардың жарасы тазаланып, таңылды және құтырмаға қарсы екпе салынған. 11 және 12 жасар қыз балалар жағалауға жақын жерде шомылып жүрген.