ШҚО-да екі көлік соқтығысып, адамдар задап шекті

Шығыс Қазақстан облысында жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысып, 3 адам ауруханаға жеткізілді.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 21 тамыз күні «Өскемен – Алтай» тасжолында болған.

Тойота автокөлігі мен КамАЗ соқтығысып қалды.

«Жол апаты салдарынан үш адам зардап шекті. Екі адамды жедел жәрдем қызметкерлері алып кетті. Ал жеңіл автокөліктің 1976 жылы туған жүргізушісіне Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері сол жерде алғашқы медициналық көмек көрсетті. Содан кейін ол бірінші қалалық ауруханаға жеткізілген», – делінген ақпаратта.

Белгілі болғандай, ер адамға мойын жарақаты диагнозы қойылды.

Жол апатының мән-жайы мен кімнің кінәлі екендігін тәртіп сақшылары анықтап жатыр.

Сондай-ақ...