Қылмыстық топтан киіктің 700 мүйізі тәркіленді

Қарағандылық полицейлер киіктерді заңсыз атумен айналысқан қылмыстық топ мүшелерін ұстады.

Қызыл кітапқа енген жануарлардың 700-ден астам мүйізі тәркіленді.  Олар заңсыз тауарды Қытайға жөнелту мақсатында оңтүстік өңірге сатып отырған. Мүйіздің бір келісін 100 мың теңгеге дейін саудалапты. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.