Еліміздегі кәсіпорындар қарамағындағы жұмыскерлерге миллиардтап жалақы төлемей келген

Еліміздегі кәсіпорындар қарамағындағы жұмыскерлерге миллиардтап жалақы төлемей келген

Мемлекеттік еңбек инспекторлары осындай 568 кәсіпорынды анықтады. Олардың жұмыскерлер алдындағы қарызы 3 млрд 220 миллион теңгеден асып кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қабылданған қатаң шаралардың арқасында жыл басынан бері 12 мыңға жуық адамның құқығы қорғалды. Берешекке белшеден батқан кәсіпорын басшыларына нұсқама беріліп, 85 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Қазір бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.