Алматыда сәбиін сатпақ болған жұп ұсталды

Алматылық жас жұп жаңа туған сәбиін 2 миллион теңгеге сатпақ болған. Сатып алушылар да Алматы қаласының тұрғындары, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар осыдан екі ай бұрын өзара келісім жасасқан. Күдіктілер сауда үстінде құрықталды. Қылмыстық іс бойынша 7 адам қамауға алынды. Ұсталғандардың ішінде делдалдар да бар. Алматы прокуратурасының хабарлауынша, іс бойынша фигуранттар ретінде АХАЖ және перзентханалардың қызметкерлері де бар. Олар балаларға құжаттарды заңсыз рәсімдеумен және оларды перзентханадан шығарумен айналысқан. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілердің қылмысы дәлелденсе, мүлкі тәркіленіп, 9-дан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі:

– Ұстау кезінде делдалдардың қолынан тағы кішкентай екі нәресте шықты. Жобалап 7 айлық және 3 айлық. Екеуі де қыз бала. Екі қыз бала өзімдікі деп сезіктінің біреуі әлек айтты. Бірақ бұны ресми түрде құжаттармен дәлелдеп бере алмады.