Кеше қайтыс болған Ұлттық Ұланның шартты қызметтегі сарбазы Абылай Сабыров жұмысқа өткен жылдың қазан айында тұрған. Қайғылы жағдайға байланысты Ұлттық Ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы бүгін түсініктеме берді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қазір марқұм қызмет еткен әскери бөлімде тексеру басталып, қылмыстық іс қозғалды. Еске сала кетейік, Ұлттық Ұлан қызметінің ақпаратына сай, 21 жастағы Абылай Сабыров кеше күзетте тұрған жерде тапаншасымен өзін-өзі атып, көз жұмды.
Ниязтай Әлкешев, ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшысының орынбасары:
- Оның қаза тапқан жағдайы әскери қызмет өткерумен байланысты емес. Оған әскери түрде ешқандай да қысым немесе оған бір физикалық, моральдық қысым көрсетілген жоқ. Куәгерлері жоқ, ол біріншіден. Екіншіден қазір тергеу болып жатыр. Тергеу анықтайды, оның бірнеше сараптамалары бар.