₸161 млн теңге көлемінде субсидия ұрланған

Қостанай облысында субсидия ұрлаған фермерлер сотталды. Шаруа қожалығының басшысы өзінің сыбайластармен бірлесіп, 161 млн теңге көлемінде бюджеттік ақшаны жымқырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жайында қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді. Кәсіпкер өзінің сыбайластарымен субсидия алу үшін өзге фермерлердің атынан өтініш толтырып отырған. Хатта сатып алынған қондырғылардың құнын 2 есе жоғары етіп көрсетіп, бір бөлігін қалтасына басқан.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

- Сот бұл іс бойынша барлық айыпталушыларды барлық құқықбұзушылық жасаған кінәлі деп танып, 5 және 6 жылға бас бостандығынан айырды және сот залында қамауға алынды.