31 мыңнан аса адам қаржы пирамидаларының құрбаны болған

Биыл шілдеде пирамидалардың қызметіне қатысты жаңа заң қабылданды.

Енді пирамида жұмысын жарнамалағандар бұрынғыдай айыппұлмен құтылмайды.  2000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл cалынады. Немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады, я болмаса  2 жылға дейін шартты мерзімге сотталады. Алаяқтықты жарнамалағаны үшін 3 жылдан  7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, тек былтырғы жылдың өзінде елімізде 31 мыңнан аса адам қаржы пирамидаларының құрбаны болған.