loader

Бомба қойылды деп жалған ақпарат таратқан террористер үстінен 101 қылмыстық іс қозғалды

Бомба қойылды деп жалған ақпарат таратқан террористер үстінен 101 қылмыстық іс қозғалды

Жалған террористер 140 ғимаратқа «бомба» қойған. Ғимараттарға «мина қойғаны» үшін 17 адам сотталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, елімізде жарылғыш құрылғылар мен бомба қойылғаны туралы жалған хабарлама тарату бойынша 101 қылмыстық іс қозғалған. Оның 12-сі қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылған. Жалпы биыл «телефон терроситері» 140 ғимаратқа «жарылғыш зат» қойған. Олар сауда орталықтары, мектеп, елшілік және басқа да қоғамдық орындарда бомба бар екені туралы жалған ақпарат таратқан. Бомба қойылды деген хабарлама шетелден де келеді. Еліміздің Бас прокуратурасы халықаралық келісімге сәйкес Ресей, Швейцария, Малайзия және Украина секілді елдердің құқық қорғау органдарымен бірлесіп, тергеу амалдарын жүргізеді..

Сондай-ақ...