Алматыдан 170 км қашықтықта жер сілкінді

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 15 сағат 46 минутта жер сілкінісін тіркеді.

Зілзаланың ошағы Алматыдан солтүстік-батысқа қарай 170 км қашықтықта Қазақстан аумағында жатыр.

Энергетикалық класы 7.8.

Магнитудасы MPV 3.3.

Бағыты 44.06° с.е. 75.17° ш.б.

Тереңдігі 20 км.

«Сезілуі туралы мәліметтер жоқ», – делінген хабарламада.