Ел аумағында өрт көбейді

Елдің өзге де өңірлерінде өрт шыққан. Ақтөбе облысының Темірбек Жүргенов ауылынан 40 шақырымдай жерде 500 гектардай алқап жанып, от одан әрі егістікке тиген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сөйтіп 700 гектардай астықты алқап жанып кетті. Түс кезінде Түркістан облысындағы табиғи паркте де өрт болған. Қарағанды облысының Осаккровка ауданында да орманға ұшқын тигенмен, өрт дер кезінде сөндірілді. Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданы төңірегінде де 167 гектар алқап жанып кетті. Төтенше жағдай қызметі өрт таралмайды. Ауылдарға қауіп жоқ. Жағдай бақылауда деп мәлімдеді. Ақмола облысындағы Көкшетау ұлттық паркі аумағында да өрт шыққан. Мұнда жалын бәсеңдегенмен, әлі де бықсып жатқан жерлер бар. Бірақ қауіп жоқ, дейді мамандар.