Камчаткада тауға шыққан 6 турист мерт болды

Камчаткада тауға шыққан 6 турист мерт болды

Камчаткада Ключевская Сопка тауына шықпақ болған 6 турист опат болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Топта 12 адам болған. Марқұмдардың бесеуі 4 мың метр биіктіктен құлаған екен. Бірнеше сағаттан кейін ес-түзсіз жатқан тағы бір саяхатшы табылды. Ол да жан тапсырған. Белгілі болғаны тек екі адам лагерьге жеткен. Тағы төртеуі 4 мың метр биіктікте тұр. Оларды құтқару үшін тікұшақ жөнелтілді. Ал, бұл саяхатты ұйымдастырған фирмаға қатысты аймақтық тергеу комитеті қылмыстық іс қозғаған.