Бағаналы ауылына қауіп төнді – Қостанай облысы

Бағаналы ауылына қауіп төнді – Қостанай облысы

Желдің күшеюіне байланысты от орман алқабынан елді мекенге қарай ойысуы мүмкін. Қазірдің өзінде екі жерде өрт ошағы анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауылды қорғау үшін бірқатар күш-құралдары мен қажетті техника топтастырылып жатыр. 11 адам Қазбасы елді мекеніне эвакуацияланып, мектеп, интернаттарға орналастырылуда. Оқиға орнында 24 бірлік техника, 4 әуе кемесі, жүздеген адам жұмыс істеп жатыр.