Қарағанды облысында жеті табиғи өрт дерегі тіркелді

Қарағанды облысында ыстық ауа райы мен екпіні секундына 20 метрге жеткен желдің әсерінен 7 табиғи өрт оқиғасы тіркелді. Оның 7-і жойылды. Ал 10-ы бақылауға алынды. Сондай-ақ Қызылтау елдімекеннің жанында 300 гектар аумақта дала өрті тіркелді. Қызыл жалынды жоюға өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті, ерікті өрт сөндіру құрамаларының, орман шаруашылықтарының күштері  жұмылдырылды.

Мұрат Қатпанов, Қарағанды облысы ТЖД бастығы:

- Өртті өшіруге барлығы  279 адам және 78  техника жұмылдырылды. Оның Қарағанды ​​облысының Төтенше жағдайлар департаменті – 59 адам 15 - бірлік. техника, ЕӨС – 205 адам және 60 бірлік. техника, орман шаруашылығы – 15 адам. және 3 - бірлік техника. Қарағанды  облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды өрт қаупі кезеңінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұраймыз. Және азаматтарды үрейленбеуге шақырамыз. Қажет болған жағдайда кезекші диспетчерлік қызметтің 101, 112 телефондарына хабарласыңыз!