Глубокое ауданында шыққан өрт оқшауланды – ШҚО

«Маңайдағы елді мекендерге қауіп жоқ». ШҚО әкімдігі осындай хабарлама таратқан еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жақта 60 гектардан астам қураған шөпті аумақ өртенген. Аптап ыстық пен екпінді желге қарамастан, 400-ден астам маман бір тәулік бойы тілсіз жаумен күресіп, ақыры жалынның таралуын тоқтатты. Ал басқа аудандарда жұмыс жалғасып жатыр. Қатонқарағай мен Күршімде 1200-1300 гектар аумаққа өрт тиді. Алтайда 800 гектарды шарпыды. Техника бара алмайтын таулы аймақтарда өртті сөндіру оңай болмай тұр. Сондықтан тікұшақ пен еурокоптер қолданылып жатыр

Сондай-ақ...