Алматыда ірі көлемде есірткі тәркіленді

Алматыда ірі көлемде есірткі тәркіленді

Polisia.kz-тің мәліметінше, Алматыда синтетиканың ірі партиясымен айналысқан күдікті ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұсталған адам есірткіні тұрақты түрде тасымалдап келген. Бірнеше мекенжайдан 1 келіден астам синтетикалық есірткі табылды. 37 жастағы И. есімді күдікті үш жерге белгі қою барысында қолға түскен. Ұсталған азамат изоляторға қамалды. Алматыға шөпті жеткізудің нақты арнасы белгілі болады. Қазір күдікті есірткіні интернет арқылы алғанын алға тартып отыр.