Алматыда кино түсіремін деп айыппұл төлейтін болды

Алматыда кинотүсірушілер реквизит ретінде пайдаланған жалған полиция көлігі айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Сценарий бойынша фильмде тәртіп сақшыларына қатысты эпизодтар бар көрінеді. «Бірақ түсірілім тобы бұл әрекеттерінің заңға қайшы екенін, сол үшін жауапкершілікке тартылатындарын сірә ойланбаса керек. Егер кинотүсірушілердің әрқайсысы осылай жалған полиция көлігін жасап алатын болса, онда не болатынын ойлана беріңіз. Қалада қылмыстық істерге өріс ашылады»,-дейді департамент басшысының орынбасары Нұрлан Алмасбеков. Енді оны жасаушыларға заң аясында шара қолданылады.