Талдықорғанда полиция қызметкерлері кейуананы өрттен құтқарды

Талдықорғанда көпқабатты үй өртеніп, жедел әрекет ету тобының сарбаздары тұрғындарды қауіпсіз жерге көшірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құтқарылғандардың арасында 92 жастағы кейуана да бар. Оны полиция қызметкерлері отқа оранған пәтерден көтеріп алып шыққан. Зейнеткер тәртіп сақшыларына алғысын айтып, ризашылығын білдіріп жатыр.