Еліміздің шығысындағы орман және дала өртінің басым бөлігі сөндірілді

Еліміздің шығысындағы орман және дала өртінің басым бөлігі сөндірілді

Таулы жерлердегі тілсіз жаумен құтқарушылар бір апта бойы күрескен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі жалын шарпыған аумақ өте үлкен әрі жету қиын. Мәселен, «Марқакөл» орман шаруашылығының аумағында 2 мың гектардан астам құрғақ шөп өртенді. Оны сөндіруге 350 адам жұмылдырылды. Одан бөлек 4 тікұшақ әуеден су төгумен айналысты. Дегенмен облыстың басқа аудандарында өрт әлі дес берер емес. Айталық қазір Алтай ауданындағы таулы аймақтарда табиғат апатымен күрес қызу жүріп жатыр. Ол жаққа қосымша күш жіберілді.