БҚО-да қаржы пирамидасын ұйымдастырған әйел адамға қатысты сот үкімі шықты

Ол «Нұр жиһаз» онлайн жобасы арқылы тұрғындарды тұрмыстық жабдықтар ұтысы ойынына тартқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ойынға қаражат салған қатысушылардың әрқайсысына жаңа салымшы алып келуді міндеттеген. Алаяқтың осы әдісі арқылы 150-ден астам адамды сан соқтырып кеткені анықталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі мәлімдеді. Экономикалық тергеу нәтижесіне сәйкес сот әйелді кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айырды.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі:

- Тергеу барысында 7,5 млн теңгеден аса мүліктік залал келтірілген 153 азамат анықталды. Сот істі талқылап, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған азаматшаны кінәлі деп танып, қаржы және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан 7 жылға айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.