Орман өртінен зардап шеккен Қостанай облысының тұрғындарына алғашқы төлем жасалды

Қаржылай көмекке Аманқарағай ауылының 48 тұрғыны ие болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың есеп-шотына бір миллион теңгеден аударылды. Ақша арнайы қоғамдық қордан бөлінді. Бұдан бөлек қырылған малдың шығыны өтелмек. Бұл туралы тұрғындармен кездескен облыс әкімі Архимед Мұхамбетов айтты. Сонымен қатар Болат Өтемұратов қорынан Аманқарағай, Люблинка және Озерный елді мекеніндегі жүз отбасыға миллион теңгеден берілді. Қазір Әулиекөл ауданында табиғи өрттің кесірінен баспанасынан айырылғандар үшін 91 үйдің құрылысы басталды. Жаңа үйлер аудан орталығында салынады. Олардың құрылысына 53 гектар жер учаскесі белгіленді.