Алматыда инвестициялық компанияның атын жамылған қаржы пирамидасы анықталды

Бұл туралы Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп тексеру департаменті мәлімдеді. Күдіктілер аңқау азаматтардың ақшасын тендерлік жобаларға салып, 105 күн ішінде 5-тен 30 пайызға дейін сыйақы береміз деп сендірген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салымшылардың жалпы саны 100-ден асады. Қаржы пирамидасының қызметінен келген шығын анықталып жатыр. Осы орайда Экономикалық тергеп тексеру департаменті тұрғындарға жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауды ескертеді.

Жақсылық Мырзахан, Алматы қаласы Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілі:
- Қылмыстық іс бойынша қазіргі таңда 2 азамат екі ай мерзімге қамауға алынды. Аталған қаржы пирамидасынан егер де зардап шеккен азаматтар болған жағдайда Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп тексеру департаментіне немесе қаржылық мониторинг агенттігіне хабарласуын сұраймыз.