Елордада жатақханадағы өрттен үш адам көз жұмды

Жыл басынан бері елордадағы жатақханаларда 9 өрт оқиғасы тіркелді. Салдарынан 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті Төтенше жағдайлар департаменті басқармасының бастығы Еркін Отарғалымұлының айтуынша, бұл ғимаратта тұратындар өрт қауіпсіздігі ережелерін елемейді. Осы орайда бүгін мамандар жатақханалар орналасқан ауданда арнайы рейд өткізді. Тұрғындарға арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ал бөлме ішінде газ баллондарын заңсыз орнатқандар жауапқа тартылатын болады.

Еркін Отарғалымұлы, қалалық ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы:

– Қала аумағында жыл басынан бері 1529 өрт фактісі тіркелді. Оның ішінде 162-сі тұрғын үйлерге тиісілі. 9-ы жатақханаларда болған. Жатақханалардың қауіптілігі ол жерде көп адам шоғырланған. Өртке қарсы істен шықса, тұрғындар дұрыс әрекет етуді білмесе, қайғылы жағдай болуы мүмкін. Сол себепті халық арасында өрт қауіпсіздігі мәденеитін жоғарлату біздің басты мақсатымыз.