Алматыда алтын алып өтпек болғандар ұсталды

Алматы әуежайында 3 келіден астам алтынды шетелге заңсыз алып шықпақшы болғандар қолға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күдіктілер бағалы металды Біріккен Араб Әмірліктеріне жеткізуді көздеген. Алайда Ішкі істер министрлігінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және өзіндік қауіпсіздік жөніндегі бөлімшелері олардың жолын кескен. Контрабанда мемлекеттік бақылауды айналып өтіп, көлік полициясының лауазымды тұлғаларына пара берген. Алматы халықаралық әуежайында Көліктегі полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкеріне кедендік және шекаралық бақылау аймағы арқылы «сәлемдемені» алып өтуі үшін 600 АҚШ доллары сомасында пара беру кезінде Қазақстан азаматы қолға түсті. Жеке тексеру барысында одан 1200 АҚШ доллары тәркіленді. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде әуежай ғимаратында Қытай Халық Республикасының азаматы ұсталды. Ол күдіктінің сыбайласы бола отырып, алтынды әуе арқылы Дубайға жеткізуі керек болған. Оның сөмкесінен полиция қызметкерлері салмағы 3 кг 200 гр. болатын алтын құймаларын тапты. Оның құны шамамен 84 млн теңгеден асады.

Сондай-ақ...