Павлодар облысында жол апатынан екі бала көз жұмды

Павлодар облысында жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, апатқа ұшырағандар – Өскемен қаласының тұрғындары. Көлік салонында болған алты баланың екеуі көз жұмып, төртеуі ауруханаға жеткізілді. Қазір жеткіншектердің жағдайы орташа деңгейде. Дәрігерлердің айтуынша, диагностикалық шаралар қолға алынған. Ал зардап шеккен бес ересектің екеуі қалалық ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта барлығы ем қабылдап жатыр. Ал алты жасар бала және 14 жасар жасөспірім дәрігерлер жеткенше  көз жұмған. 

Жасқайрат Қайыров, облыстық ПД Бастығының бірінші орынбасары:

 – «Қызылорда-Павлодар» тас жолының Достық ауылының қасында 31 жасар «Тойота» жүргізушісі рульді басқара алмай, жол жиегіне аударылды. Салонның ішінде 11 адам болды, соның ішінде алтауы кәмелетке толмаған. Бесеуі ересектер. Олар бір-бірімен туыс болады. Қазір тексерулер жүргізіліп жатыр.