Алматыда жаппай төбелеске қатысқандар ұсталды

Олар қаладағы жоғарғы оқу орындарының бірінің студенттері болып шықты.

Оқиға    «Атакент» халықаралық көрме орталығының алдында болған. Жастар сол маңдағы ойын-сауық мекемесінде «Студенттер қатарына қабылдау күнін» атап өтсе керек. Әдемі кештің соңы түнде тәртіпсіздікке ұласқан.  Төбелестің видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Абырой болғанда, жәбірленушілер мен зардап шеккендер жоқ. Полицияның мәліметінше, қоғамдық тәртіп бұзғандар анықтаплып, жауапкершілікке тартылады. 

Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі:

- Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 293-бабы Бұзақылық бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Төбелеске қатысушылардың әрқайсысы анықталып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады. Олардың әрқайсысының әрекетіне тергеу тарапынан құқықтық баға беріледі.