Талдықорғанда болған бала өліміне қатысты тәрбиеші күдікке ілінді

3 жастағы бүлдіршінді 23 жастағы әйел ұрып өлтірген болуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәйітті тексерген дәрігерлер  жарақат іздерін байқаған. Әсіресе басына зақым келгенін анықтады. Бүлдіршін бір жастағы інісімен тәрбиешінің үйінде тұрған. Тұратын жері жоқ анасы осындай қадамға барған. Қыркүйектің 12-сі күні өзін жайсыз сезінген бала ауруханаға жеткізліген екен. Бірақ, бүлдіршінді аман алып қалу мүмкін болмады. Қара жамылған отбасы кінәлі жазасын алсын деп отыр. Оның айтуынша, күтуші әйел, анасының қарызы үшін баласын бермей ұстап отырған.

Мадина Таукенова,  бүлдіршіннің анасы:

- Қарлығаш маған звондайды. Біраз ақша қарыз болып кеттің ғой деп. Қашан бересің содан мен айттым кішкене шыдай тұрыңызшы. Пока ақша болмай жатыр дедім. Хотя росписка жазып екі баламды алайыншы дедім. Сағынып жүрмін көргім келіп жүр дедім. Жоқ мен ешкімге сенбеймін бере алмаймын деді. Скл Ешқайсысын бермейміз пока қарызыңды жапқанша деді.

Жанна Нүпбаева, облыстық ПД ресми өкілі:

- Баланың өліміне қатысы бар деген күдікпен бұрын баланы бағып қаққан сол 23 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Бірақ кейінірек сот күдіктіге үйқамақ санкциясын берді. Қазіргі таңда дерек ҚР 106 бабы үшінші бөлігі бойынша қылмыстық іс жүргізіліп жатыр