Шымкент тұрғындарын үй алып беремін деп алдаған күдікті ұсталды

Шымкентте тұрғындарды «үй алып беремін» деп сан соқтырған алаяқ қолға түсірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алаяқтыққа қатысы бар азамат мемлекеттік бағдарлама бойынша кезексіз пәтер алуға көмектесетінін айтқан. Сөйтіп 900 мың теңгені қалтаға басып, ізім-қайым жоғалып кеткен. Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады. Күдіктінің басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Бұған дейін оның сотты болмағаны белгілі болды. Қазір ұсталған азаматқа қатысты бұлтартпау шарасы қабылданды.

Талғат Әбуов, әл-Фараби аудандық пб бастығының орынбасары:

– Полиция қызметкерлерінің жүргізген жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде Шымкент қаласының тұрғыны анықталды. Ұсталған азамат алған ақшаны өз қажеттігіне жаратып жібергені белгілі болды. Аталған дерек ҚР қылмыстық кодексінің 190-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.