Таразда қару-жарақ табылды

Таразда қаңтар оқиғасы кезінде жоғалған қару-жарақ табылды. Қала шетіндегі егістік алқапқа жасырылған қаптан екі «Калашников» автоматы мен газ тапаншасы, жарық-шуылды граната және автоматтың оқшантайы шықты, деп хабарлайды «хабар 24».

Сонымен қоса мылтық пен полиция каскасы, резеңке таяқ және әртүрлі калибрлі 200-ге жуық патрон алынды. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды. Қару-жараққа сот-баллистикалық сараптама тағайындалған.

Сондай-ақ...