Атырауда қамыс өртенді

Атырауды қою қара түтін басты. Кеңөзек ауылдық округіне қарасты Тасқала ауылынан Каспий теңізіне қарай 40 шақырым жерде қамыс жанып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Теңіз жағасы батпақты болғаннан кейін техникалар жақындай алмайды. Әзірге оттың қанша аумақты шарпығаны белгісіз.Өртке Төтенше жағдайлар департаментінің 6 техникасы мен 25 қызметкері жұмылдырылған. Олардың мәліметі бойынша елді мекендерге қауіп жоқ.