Оның екеуі – дәрігерлер, деп хабарлайды «Хабар 24».
Медицина қызметкерлері мінген автобус Балқаштан қарсы бетте келе жатқан жүк көлігімен соқтығысады. Салдарынан екі көліктің жүргізушісі және бір дәрігер оқиға орнында, тағы бір дәрігер ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды. Бұдан өзге 8 дәрігер түрлі деңгейде жарақат алған. Дәрігерлер «Жезқазған» медициналық орталығында жұмыс істейді. Олар кеніштегі жұмысшыларды медициналық профилактикалық тексеруден өткізіп, Балқаштағы емханаға келе жатқан.
Серікбол Түсіпбеков, Балқаш қалалық орталық ауруханасының директоры:
- Қазіргі уақытта Приозерск қаласындағы 3 науқас санавиациямен Қарағанды қаласындағы Мақажанов атындағы клиникаға жеткізілді. Блқаштағы 5 науқастың біреуінің жағдайы өте ауыр. 4-уі қалыпты жағдайда. Қазір бүкіл науқас толық көлемде медициналық көмек алу үстінде.