Алматыда қару-жарақ саудасының жолы кесілді

Күдікті Калашников автоматын 3 миллион теңгеге сатпақ болған. Заңсыз сауданы қалалық прокуратураның келісімімен Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы тоқтатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұсталған 1980 жылы туған азамат 5,6 миллиметр патрондармен атуға жарамды АК-74 автоматын сатқан. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:

– Қару жарақтың нөмірі жойылған, бұл оны анықтау үшін әдейі жасалды деген күдігіміз бар. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 287 бабының 4 бөлігімен сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелген қылмыстық іс аясында сот-баллистикалық сараптама тағайындалып, оның қорытындысы бойынша, атыс қаруының қайдан алынғаны және кімге тиесілі екені анықталатын болады.

Сондай-ақ...