Жарылғыш заты туралы жалған хабарлама түскен – Ақтөбе облысы

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің электрондық поштасына 8 мектепте жарылғыш заты қойылғаны туралы ақпарат түскен. Тәртіп сақшылары хатта көрсетілген мектептерде шұғыл эвакуация жасап, тінтіп шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ жарылғыш зат табылған жоқ. Бұл соңғы аптада өңірде болған екінші жағдай. Дүйсенбі күні жарылғыш зат 3 мектепке қойылды деген ақпар түскен болатын. Жалпы жыл басынан бері 7 рет қайталанып отыр. Полицейлер интернет арқылы хат жолдап, елді дүрліктірген адамды әлі тапқан жоқ. 

Ерболат Сарқұлов, облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Саперлар мен кинологтар мектеп ғимараты мен ауласын тексерді. Жарылғыш заттар табылған жоқ. Қазіргі таңда осы жалған ақпарат таратқан тұлғаны анықтауға бағытталған жұмыстар атқарылуда.