Павлодар облысында 15 оқушы газдан уланды

Павлодар іргесіндегі Ленин кентіндегі мектептердің бірінде белгісіз біреу көзді жасаурататын газ шашқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

700-ге жуық оқушы дереу сыртқа шығарылды. Олардың 15-сі уланып, шұғыл түрде балалар ауруханасына жеткізілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мамандарының хабарлауынша, жеткіншектер бастауыш сынып оқушылары. Екі балаға «орташа деңгейдегі улану», қалғанына, «жеңіл дейгейдегі улану» диагнозы қойылды. Оларға ем-дом шаралары тағайындалып, амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді. Қазіргі уақытта, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Тілекжан Галямов, қалалық төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары:

– Қазіргі уақытта оқиға орнында төменше жағдайлар департаменті, жедел-жәрдем және полиция қызметі тиісті шараларды қолға алған. Оқиғаның анық-қанығы анықталып жатыр.