«Ақтау теңіз порты» кеден бекеті басшысының орынбасары ұсталды

Оған алдын ала сөз байласуы арқылы бірнеше рет пара алды деген айып тағылды.

Ақпаратты Маңғыстау облысы прокуратурасы да растап отыр. Қазіргі таңда құзырлы органдар қажетті деректерді анықтап, мән-жайды толық зерттеу үшін тергеу жүргізіп жатыр.