Қайрат Сатыбалдыұлының сыбайласына іздеу жарияланды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдыға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еске сала кетсек, тергеу амалдары салық төлеу мен өзге де міндеттемелерден жалтару, қылмыстық жолмен табылған қаржы мен мүлікті заңдастыру айыбы бойынша басталған еді. Тергеу барысында Сатыбалдыұлының сыбайласы 1983 жылы туған Эфенди Кемаль есімді азаматтың ақпанда Қазақстаннан кеткені анықталды. Бірқатар коммерциялық кәсіпорынның басшысы болған Эфенди қылмыстық жолмен табылған ақша мен мүлікті заңдастырып, кедендік істерге араласқан деген күдік бар. Қазір оған Қылмыстық кодекстің 218-бабына сәйкес іздеу жарияланған.