«Самырұқ Энергоның» тәуелсіз директоры Алматыдағы марафон кезінде қаза тапты

Алматыда марафон кезінде 10 шақырым қашықтықты еңсеріп өткен 47 жастағы ер азамат мәре сызығын кесе салысымен есінен танып құлаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Марафонда кезекшілік еткен дәрігерлер 30 минут көлемінде реанимациялық шаралар жүргізгенімен, спортшыны аман алып қала алмады. Қайтыс болған ер азамат Астана қаласының тұрғыны Рүстем Садықов екені белгілі болды. Сондай-ақ ол «Самрұқ Энерго» компаниясының тәуелсіз директоры болғаны белгілі болды. Енді марафон ұйымдастырушылары оның денесін елордаға жеткізу үшін барлық қаржылық төлемді өтеуге дайын екендігін мәлімдеді. Жалпы қайтыс болған азаматтың туысқандары марқұмның бұған дейін де марафонға қатысқандығын айтады. Ол былтыр дәл осы қашықтықты еш қиындықсыз жүгіріп өткен. Биыл көктем айында да Алматыдағы жарысқа қатысқан екен.

Сондай-ақ...