loader

Жамбыл облысында атыс болып, 1 адам көз жұмды

Жамбыл облысында атыс болып, 1 адам көз жұмды

Оқиға Шу қаласында орын алған. 25-қыркүйек күні түнгі 12 -лер шамасында, көлікпен серуендеп жүрген жастарға, бейтаныс машинадан оқ жаудырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан Шу аудандық ауруханасына 23-25 және 26 жастағы екі азамат оқ жарақатымен түскен. Олардың бірі кейінірек аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Полиция департаментің мәліметінше, қазір қылмысқа қатысы барлардың барлығы анықталған. Тергеп-тексеру барысында күдіктілерден аңшы карабині және екі қару тәркіленді.

Алмас Саламатов, Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары:

- Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Олардың екеуі 22 және 27 жастағы уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.  Үшінші тұлғамен тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Төртінші күдікті халықаралық іздеуге жарияланды.

 

Сондай-ақ...