Алматыдағы Көкжайлауда өрт шықты

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, тау бөктеріндегі құрғақ шөп жанып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір өрт сөндірушілер «жоғары дәрежедегі шақырту» бойынша жұмылдырылған. Тілсіз жауды ауыздықтауға Іле-Алатауы ұлттық паркінің, «Қазавиаорманқорғау» мекемесінің қызметкерлері де атсалысып жатыр. Сондай-ақ «Қазавиақұтқарудың» тікұшағы қолданылуда.