Маңғыстау облысында 34 келі бекіре тәркіленді

Маңғыстаулық полицейлер автокөлікпен ірі көлемде бекіре тасымалдаған ер адамды қолға түсірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тәртіп сақшылары «Қаламқас» кен орны маңындағы тас жолда «Газель» маркалы жүк көлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде жалпы салмағы 34 келі 100 грамм болатын бекіре мен үрлемелі резеңке қайық табылады. Сондай-ақ браконьерлік мақсатта қолданылған ау-құралы тәркіленді. Қазір күдікті қамауда отыр. Тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.

Әйгерім Ибадуллаева, облыстық ПД Сыртқы және ішкі коммуникациялар бөлімінің басшысы:

- Табиғатты қорғау заңнамасын бұзған 37 жастағы азаматқа қатысты аталған дерек ҚР қылмыстық Кодексінің 339-шы бабы бойынша тіркелді.