Жалған ақпарат таратқандар жазаланады – Бас прокуратура

Еліміздің бас прокуратурасы тұрғындарды тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырып, үндеу жариялады.

Соңғы уақытта ақпараттық кеңістікте түрлі тақырыптар бойынша жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеген. Үндеуде нақты азаматтардың ар-намысына нұқсан келетін, сондай-ақ бірқатар танымал адамдарды ұстау және қылмыстық жауапқа тарту туралы жалған ақпарат жарияланғаны жазылған. Мұндай жалған мәліметтер қоғамдық тәртіпке кері әсер етуі мүмкін. Жалған хабарлама таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Жандос Өмірәлиев,  ҚР Бас прокурорының орынбасары:

- Шынайылыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратуды көбіне блогерлер қасақана, өздерінің және үшінші тұлғалардың мүдделері үшін жүзеге асырады. Олардың мақсаты – жеке пайда табу және бопсалау арқылы материалдық табыс көру. Көрсетілген ұлттық алауыздықты қоздыруға, қорқытып алуға, көрінеу жалған ақпарат таратуға бағытталған іс-әрекеттер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174, 194 және 274-баптары бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.