loader

Петропавлдағы барлық қонақүйлермен заңды түрде жалға берілетін баспаналарда орын жоқ

Петропавлдағы барлық қонақүйлермен заңды түрде жалға берілетін баспаналарда орын жоқ

Олардың жартысын Ресейден келген азаматтар жалға алып алғандығы белгілі болды. Қазір көрші елдің азаматтарының жаппай ағылып жатқандығына байланысты шахарда үйді жалға беру ақысы шарықтады. Мәселен екі бөлмелі пәтердің құны айына- 250-300 мың теңгеге жеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әзірге жауапты мамандар шекарадан күніне қанша адам өтіп жатқаны туралы ақпаратты жарияламай отыр. Бірақ көбі Қазақстанға пойызбен келеді. Енді оларға еріктілер де қол ұшын созбақ. Еріктілер тегін тамақ үлестіріп, қонарлық орын тауып бермек.

Нұржан Садықов, облыстық Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары:

- Қазіргі таңда мемлекеттік кірістер департаментінің мамандарымен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Яғни баспананы жалға беретін сайттарға мониторинг жасалады. Өйткені  әлеуметтік желілерде бағаның негізсіз өсіп кеткенін байқауға болады. Сондықтан тексеріс жүргіземіз. 

Сондай-ақ...