ШҚО-да мал азығы өртенді

Шығысқазақстандық фермерлер мал қыста азықсыз қала ма деп алаңдап отыр. Биыл шаруа қожалықтарының 800 тоннадан астам шөбі жанып кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаз бойы 18 өрт тіркелді. Жақында  Зайсан ауданында 3 тіркеме мал азығы күлге айналды. Мамандардың айтуынша, шаруа қожалықтарында өрт қауіпсіздігі талаптары сақталмайды. Мәселен, шөпті электр сымдарына жақын жерге жинайды. Сонымен қатар шөп тұрған жердің маңайы жыртылмайды. Ауыр техникалардан шыққан ұшқын өшірілмейді.

Марина Лискова, ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы:

– Отқа салғырт қарауға болмайды.Қарапайым бір ережені елемеудің соңы үлкен шығынға ұшыратады.Сондықтан шаруалар өз еңбектері еш кетпес үшін қауіпсіздік талаптарын сақтаса дейміз.