Ресейден Қазақстанға әуе билетінің құны шарықтады

Бұл Внуково – Астана бағыты бойынша ұшатын рейске тұрған кезек. Көбі бір апта бұрын билет сатып алғандар. Ол кезде оның құны жарты млн теңге еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал қазір Астана мен Алматыға тіпті билет жоқ. Өзге елдерге ұшу өте  қымбат. Сочиден Тбилисиге билет құны 500 мың рубль, яғни 4 млн теңге.   

- Сіз Астанаға билетті қаншаға сатып алдыңыз? 

- 53 мың.

- 85 мың.

- 60 мың рубль, алдын ала алғам.

- 60, мүмкін.

- 50-60 мың. Біреу бас тартқан болу керек, біз сатып алдық.

Ресейлік туроператордар қауымдастығының болжамы бойынша, қазан айында баға тұрақталуы тиіс. Қазан айының ортасына Мәскеу-Алматы бағыты бойынша сатылып жатқан билетті 200 мың теңгеге алуға болады.

Даяна Кушимова, Ресейдің СІМ дипломатиялық академиясының студенті:

- Қысқы сессияны аяқтағаннан кейін, қаңтардың 30-на қарай Отанымызға ораламыз деген жоспарымыз бар. Қазір сабағымыз қызу жүріп жатыр.  Бірақ, осыдан екі үш күн бұрын билет бағасы бір жарым миллион теңге болған.

Тлеубеков Әлихан, М.В.Ломоносов атындағы университеттің студенті:

- Демалыс кезінде билеттердің бағасын қарап шықтым. Мәскеуден астанаға дейін билеттің құны шамамен 200 мың теңге тұрды.

Кайдарова Карина, И.М. Губкина атындағы университеттің студенті:

- Әрине үрей бар. Бірақ бізді Ресейдегі Қазақстанның елшілігі еш алаңдамауға шақырды. Бәрі тыныш екенін айтты. Елге қайту керек болса көмек көрсетіліп, барлығы ұйымдастырылатынана уәде берді.

Ресейліктердің көбі өзін-өзі жариялаған Донецк пен Луганск және Украинаның екі облысындағы референдумның нәтижесі шыққаннан кейін ер адамдарға елден шығуға тыйым салынады деп үрейленеді. Осы ретте ішкі  рейсттерге де билеттің бағасы күрт өскен. Егер бұрын Мәскеуден Қазақстанмен шекаралас Орск, Омбы және Челябинскіге билетті 50 мың теңге сатса, қазір оның құны он есе өсті.

Авторлары: Дана Нуржан, Шахзод Гамиров

Сондай-ақ...